Қала әкімі Н. Нәлібаевтың 1-наурыз "Алғыс айту" күні мерекесімен құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
Құрметті қала қонақтары!
Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты.
Оның арқауы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады.
Бұл күн - тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.
Мереке қазақ халқының кеңпейіл, жомарт, қонақжай, мейірімді және ынтымақшыл әдет – ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделген.
«Алғыс айту күні» - күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен, Мемлекет басшысының бастамаларына қолдаушы бола білген еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіріп, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
Алғыс айту күнінде, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер - патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік, сыйластық пен адамгершілік негіздері жоғарылап, қосымша серпін алады.
Құрметті жерлестер!
"Сыр - Алаштың анасы" атанған аймағымыздың орталығы Қызылорда қаласы да талай тарихтың куәсі болған қасиетті мекен. Тарихымызда ең ауыр кезеңдерде талайға пана болып, ешкімді жатсынбай, бауырына басып, барымен бөлісе білген мейірбан халқымыздың ерлігіне, кең пейіл ықыласына біз әрқашан алғысымызды айтамыз.
Айналамыз аман, төңірегіміз түгел, бауырымыз бүтін болсын.
Әрбір шаңыраққа құт дарып, ырыс-несібелеріңіз арта берсін! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін.
Жылдың әр күні Сіздерге тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев