ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Аппараттық мәжілісте бекітілген күн тәртібіне сәйкес «Ауыл шаруашылық саласында атқарылатын жұмыстар туралы» мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша хабарлама жасаған қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Д.Әбдірасулов Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрлымының барлық нысандарында 2020 жылы 7 мың 395 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру межеленгенін мәлімдеді.
Жалпы, егін егу жұмыстары, яғни ерте көктемде егілетін (жаздық бидай, арпа, жаңа жоңышқа) дақылдар наурыз айының 25-нен бастап, ал негізгі дақыл күрішін егу мамыр айынан бастап егу жоспарланып отыр.
Бұдан өзге, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы, су шаруашылығы нысандарын дайындау, шаруашылықтарға қажетті минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстарына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, көктемгі көгалдандыру жұмыстары, елді мекендердегі санитарлық тазалық жұмыстары көтерілді.
Аппараттық мәжілісте көтерілген әр мәселе бойынша қала әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы жеке бақылауында болатындығын жеткізді.