Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ХАЛЫҚ ПАЛУАНЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДОДАСЫ БАСТАЛДЫ

ХАЛЫҚ ПАЛУАНЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДОДАСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін, Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Евразия» мәдени спорт кешенінде халық палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, қазақ күресінен 2000 - 2002 жылдары туылған жастар арасындағы республикалық ашық турнир 8 мәрте ұйымдастырылуда.
Жарыс додасының ашылу рәсіміне арнайы қатысқан қала әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы жас палуандарға сәттілік, әрі ұлтының ұлы перзентіне айналған Қажымұқан аталарының жолын берсін деген тілегін білдірді.
«Жыл сайын Сыр өңірінің бас қаласы – Қызылорда қаласында қазақтың қанына сіңген қайсар қасиетінің, биік рух пен намыстың күшін ортаға салып, боз кілемде белдесу үшін еліміздің барлық аймақтарынан,көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен жас палуандарымыз бас қосып, ұлттық спортымызды баршаға паш етеді.
Алдағы уақытта да жас спортшыларымыз талай табыстарға қол жеткізіп, халықаралық ареналарда еліміздің абыройын асқақтатып, байрағымызды көкке желбірете берулеріне тілектеспін»,- деді қала әкімі.
Сонымен қатар, турнирге арнайы келген Қазақстан Республикасының спорт қайраткері, спорт ардагері Тоқташ Алдоңғаров және Самбодан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Жақып Мұрат Нұрмағанбетұлы Қажымұқан бабамызды еске алу турниріне қатысушы палуандарға сәттілік тілей отырып, қолдау көрсетіп, турнирді 8-ші рет өткізіп отырған қала әкімдігіне зор алғысын білдірді.
Додада Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларынан және еліміздің барлық аймақтарынан 17 команда, 220 спортшы бақ сынауда.
Жарыс барысында 9 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер осы жарысқа арнайылап жасалған медальдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталатын болады.
БҰЛ ТУРНИРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРҒА СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР АТАҒЫ БЕРІЛЕДІ.

19 ақпан 2020 ж. 1 146 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?