Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТӘРТІП – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ, ТӘРТІПСІЗДІК – ӨМІРІҢНІҢ ҚАС ЖАУЫ

2020 жылдың 15-16 ақпан күндері Қызылорда қаласында жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ойын-сауық орындарына рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Аталған шараға қалалық ішкі саясат бөлімі, қалалық жастар ресурстық орталығы, қалалық білім бөлімі және қалалық полиция басқармасының мамандары жұмылдырылды.
Шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің Ғ.Мұратбаев көшесіндегі компьютерлік клубта түнгі сағат 23.00-ден кейін отырғаны анықталып, тәртіп сақшылары жасөспірімді заңды өкілі деп танылатын ата-анасының қалада болмауына байланысты бейімдеу орталығына жіберді.
Бұған дейін компьютерлік клубқа бір рет ескерту берілген, бір жыл ішінде екінші рет қайталағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 132-бабының 2-ші бөлігі бойынша айыппұл салынып, сотқа жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар бекітілген кешенді жоспар аясында жалғасын табатын болады.
17 ақпан 2020 ж. 1 784 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?