Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін, Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы қалалық Қоғамдық кеңес алдында «Қызылорда қаласында 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылғы міндеттер» туралы баяндама жасады.
Қоғамдық кеңес отырысына қалалық мәслихат хатшысы, қалалық Қоғамдық Кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қала тұрғындарын толғандырып жүрген ең өзекті деген мәселелер бойынша сұрақтарын ортаға салды.
Қоғамдық кеңес төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға бағасын берсе, қоғамдық кеңес мүшесі Д. Эшатова әлеуметтік желілерде көтерілген негізгі деген бірқатар мәселелерді көтеріп, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Сонымен қатар, Э.Теңізбаев Қоғамдық кеңес пен қала әкімдігі арасындағы байланыстың ашықтығына ризашылығын білідіріп, Қызылорда қаласының негізгі қақпасы саналатын Темір жол вокзалының қазіргі жай-күйі, оны заман талабына сай жолаушыларға жайлы жағдай жасау туралы мәселені көтерді.

Қала әкімі көтерілген барлық сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге толық жауап беріп, кейбір ұсыныстар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмасын берді.
Жалпы, қала әкімі 15 қаңтардан бастап қалаға қарасты кент, ауылдық округ тұрғындарымен, арнайы екі қоғамдық қабылдау және қаланың екі аймағында, барлығы 13 кездесу өткізді. Әрбір кездесуде қала тұрғындары көтерген ұсыныстарды толық қанағаттандыру үшін қалалық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, қаржының басым бөлігі жерлестеріміздің сұранысына сәйкес қаланың шет аймақтарындағы жол мәселесін шешуге және басқа да негізгі қажеттіліктерге бағытталғандығын атап өтті.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері әрбір атқарылған іске оң бағасын бере отырып, елдің ертеңі үшін маңызды мәселелерді бірлесе атқаруда табандылық танытатындықтарын жеткізді.
05 ақпан 2020 ж. 1 503 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?