Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін, қала әкімі Н.Нәлібаев есеп беру кездесулері аясында «Құқық қорғау қызметтері орталығында» тағы бір қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.
Бұған дейін, осыдан бір апта бұрын 20 қаңтарда ұйымдастырылған қабылдауда 200-ге жуық қала тұрғыны қала әкімінің қабылдауында болған.
Әдеттегідей таңғы сағат 09.00-де басталған бұл қоғамдық қабылдауға сағат 14:00-ге дейін 100-ге жуық қала тұрғыны келді.
Қабылдауға келген барлық тұрғынның мәселелерімен жеке танысқан қала әкімі көтерілген ұсыныс-пікірлер мен мәселелердің бірін дер кезінде шешілуіне ықпал жасаса, толық зерделеуді қажет ететін және заңдылығына сәйкес шешілетін мәселелерді жауапты басшыларға тапсырды.
Қабылдауда көтерілген мәселелердің басым көпшілігі шешімін тапқан. Тұрақты түрде ұйымдастырылатын осындай қабылдаулардың қала тұрғындары үшін өте тиімді және пайдалы екенін жеткізген келушілер, қала әкіміне шынайы ризашылықтарын білдірді.
Жалпы, жыл басынан бері бүгінге дейін қала әкімі Н.Нәлібаев қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде есеп беру және екі қоғамдық қабылдау, барлығы 11 кездесу өткізді.
Әрбір кездесуде тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыға салынып, оларды шешудің мүмкіндіктері мен тиімді жолдары сараланды.
29 қаңтар 2020 ж. 970 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?