Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ЖЕРГЕ КӘРІЗ СУЫН ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ШАРА КӨРІЛДІ

Қызылорда қаласының аумағындағы барлық биологиялық тазарту станциялардың жағдайын анықтау және ассенизаторлық көліктердің әрекеттеріне талдау жасау мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы тобы 24-26 қаңтар аралығында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Аталған шараға қала әкімі аппаратының, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің мамандары, қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі, жол патрульдік және учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.
Рейд нәтижесінде, 6 ассенизаторлық көліктердің жүргізушілеріне санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін, яғни белгіленбеген орындарға ассенизаторлық көліктерден шыққан сұйық тұрмыстық қалдықтарды төккені үшін заң талаптарына сәйкес арнайы хаттамалар рәсімделіп, автокөлікті тиісті құжатсыз басқарғаны үшін 1 ассенизаторлық көлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімінің қатаң бақылауында.
28 қаңтар 2020 ж. 1 184 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?