ҮЛГІЛІ АУЫЛ АҚСУАТ
Қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінде әкімдердің есеп беру жиыны өтті. Округ әкімі М. Ақмырзаевтың тұрғындарға округтің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы қорытынды есебі тыңдалды.
Қалаға жақын ауылдың тыныс-тіршілігі жыл өткен сайын жақсарып келеді. Мысалы, өткен жылы елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 565 млн. 622 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Биыл осы жұмыстарды жалғастыруға 300 млн. теңге қаржы қаралған.
Сонымен қатар, бұған дейін жарамсыз күйге түскен "Асыл-Ай" балабақшасы күрделі жөндеуден өтті. Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа ауылдағы № 143 мектептің қазандығы жаңартылды. Ауылдағы жол мәселесі де назардан тыс қалмады. 2019 жылы облыс бюджетінен бөлінген 151 млн. 209 мың теңгеге округттегі 11 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ақсуат ауылдық округі 2019 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуына лайықты үлес қосып, өз саласындағы үздік жетістіктері үшін "Өркенді ауыл" номинациясымен марапатталған.
Атқарылған айшықты істерді елдің бірлігі мен ынтымағымен байланыстырған округ әкімі алда да елді мекенді көркейту шаралары жалғасатынын жеткізді.
Есепті кездесуде қаланың бір жылғы атқарған жұмысын қорытындылаған қала әкімі қаладағы толайым табыстар мен алдағы жылғы жоспарлар туралы баяндамасын жасады. Сонымен қатар, Ақсуат ауылдық округі үшін де атқарылатын бірқатар жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта ауыл халқының сұранысын қанағаттандыру мақсатындағы жаңа жобалар мен ауқымды жұмыстарды мақтанышпен жеткізді.
Қала әкімінің бір жылдық атқарған жұмысына ауыл тұрғындары оң бағасын беріп, соңғы жылдары ауылдың өркендеуіне қосып жүрген қала әкімінің үлесі үшін алғыстарын білдірді.
Ең бастысы, ақсуаттықтардың көтеріп жүрген өзекті мәселелерінің бірі газдандыру мәселесінің қолға алынып, әрі жақын жылдары толық шешімін табатындығын қала әкімі сүйіншіледі.
Жиын барысында округ тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, барлығына толыққанды жауаптар берілді.
Округ тұрғындары қала және округ әкімдері есебіне оң бағаларын беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Айта кету керек, қала әкімі Н. Нәлібаев қалаға қарасты барлық кент және ауылдық округтердегі кездесулерде ауыл халқына есебін берді. Алдағы уақытта, қаланың бірнеше аудандарында қорытынды есебі өткізілетін болады.
Биылғы жылы есеп беру кездесуінің ерекшелігі - барынша еркін форматта өтуде. Яғни, қала әкімі атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтіп, қалған уақыттың барлығын халықтың ұсыныс-пікірлері мен сұрақ-жауаптарға арнайды.