Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТАЛСУАТ: ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІККЕ ТҰРҒЫНДАР РИЗА

Былтырғы жыл Сырдың бас шаһары үшін табысты, жағымды жаңалықтарға толы кезең болды.
Қаламен қатар, қалаға қарасты елді мекендердегі мәселелер оңтайлы шешіліп, ел игілігі үшін іргелі істер атқарылды. Жылдан-жылға тұрмысы нығайып, түтіні түзу ұшқан елді мекен қатарында Талсуат ауылдық округі де бар.
Жыл көлемінде атқарылған істер мен жаңа жылдың еншісіндегі жобаларды елмен бөлісу мақсатында қала әкімі Н.Нәлібаев есеп беру кездесуін Талсуат ауылдық округінде жалғастырды.
Осы ретте, ауылдық округ әкімі Б.Нұрлыбаев ауыл тұрғындары алдында өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттер жөнінде баяндады.
Атап айтқанда, 2019 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 87 отбасына көмек көрсетіліп, жергілікті кәсіпкерлер аз қамтылған 30 түтінге қолдау танытты.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 30-дан астам ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Талсуатта негізгі тіршілік көзі – мал шаруашылығы. Округ аумағындағы 925 гектардың 363 гектары жайылымдық жер. 
Бүгінде ауылды 1 серіктестік өсімдік шаруашылығымен айналысса, мал шаруашылығы бойынша 4 шаруа қожалығы, 20 мал шаруашылығы тіркелген.

Округте ұзындығы 18,4 шақырымды құрайтын 31 көше бар. Оның: 4 шақырымы асфальттанған, 6 шақырымына тас төселген, 6,8 шақырымы қара жол. 
Жол сапасын жақсарту мақсатынды былтырғы жылы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында ұзындығы 1 шақырым болатын Сырдария көшесі мен О. Сауытбаев тұйығына дейін тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, су мұнарасының құрылысына 50 млн. теңге бөлініп, бүгінде тиісті жұмыс басталды.
Ауыл әкімі есебінде білім саласы мен әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы бойынша да атқарылған жұмыстар тілге тиек болды.
Талсуаттықтардың алдында есеп берген қала әкімі Н.Нәлібаев халықтың ұсыныс-пікірлері мен ауыл тіршілігі үшін маңызды деген мәселелерді көтерген тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Жыл көлемінде жұмыла атқарылған жұмыстарға атсалысқан және өңірдің ертеңі үшін шын жанашырлық танытып келелі кеңеске арнайы келген талсуаттықтарға алғысын жеткізді.
22 қаңтар 2020 ж. 1 242 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?