Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАРАУЫЛТӨБЕ: Ауылдағылар кәсіпті дамытуға ынталы

ҚАРАУЫЛТӨБЕ: Ауылдағылар кәсіпті дамытуға ынталы
  
Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі. Сондықтан, алтын бесік саналатын ауылды түлетуге түрлі реформалар мен бағдарламалар бағытталып жатады. Олардың игілігі елге ортақ. Бүгін қала әкімі Н. Нәлібаевтың қатысуымен өткен Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі  Б. Шәріпбековтің тұрғындар алдында есеп беру науқанында осындай игілікті істер анық байқалды.  
Тұрғындар алдында өткен жылдың есебін берген әкім былтыр округте жаңадан 15 кәсіпкерлік субъектісі тіркелгенін атап өтті. Қазір ауылдық округ бойынша 84 кәсіпкерлік субъектісі бар. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар негізінде қала іргесіндегі ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға күш салынып жатыр. 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында құны 50,0 млн. теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды. 

Өткен жылы ауылдағыларды қуантқан басты жаңалық елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында Қарауылтөбе елді мекеніндегі 12,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелеріне 236 млн. қаржы қаралып, ауылдық округ толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, осы жоба аясында А. Құнанбаев тұйығына жарық бағаналары қойылды. 

Кәсіпті дамытуға ынталы ауылда осындай оң бастамалар бар. 
Бұл атқарылған істердің бір бейнесі ғана. Алдағы жоспарлар да ауқымды. Ауыл халқы да есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелердің шешімін табарына нық сенімді. Себебі, жыл сайын ауыл тіршілігі өркендеп келеді.
17 қаңтар 2020 ж. 1 175 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?