ҚЫЗЫЛЖАРМА: ЖАҢАША ДАМУ ЖОЛЫНДА
Әкімдердің есеп беруі Қызылжарма ауылдық округінде жалғасын тапты.
Бүгінде Қызылжарма тұрғындарының саны 7 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайыздық өсімді көрсетті.
Кездесуге жиналғандар алдында ауылдық округ әкімі М. Сейілов өткен жылы атқарылған шаралар жайлы баяндама жасады.
Қызылжармалықтар көтерген негізгі мәселе жолдың жағдайы. Осы мақсатта 2019 жылы ауылдық округтегі Ө. Махамбетов көшесіне 17,4 млн. теңге қаржы бөлініп орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізген. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бірқатар көшелерге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, аялдамалар мен жарық шамдар орнатылды.
Одан бөлек, 58 көшеге орташа жол жөндеу мақсатында жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, құзырлы органдарға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Ауылдық округтегі ұзындығы 8,7 шақырым болатын кернеудегі 300-ге жуық трансформатор станцияларына жаңарту жұмыстарын жүргізді. Демеушілердің есебінен ауыз су мәселесі шешімін тапты. Қызылжарма 2 тұрғын ауданындағы 6 көшеге 1 жинақтық трансформаторлық станция мен электр бағаналары орнатылды.
Қала құрамындағы ауылда мәдениет пен өнер саласында да өрісті өзгерістер бар. Жастар жылы аясында «Қызылжарма жастары» қоғамдық бірлестігі ауыл әкімдігімен бірлесе отырып, түрлі бағытта жүзден астам шаралар ұйымдастырған. Округтегі елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру шаралары қарқынды жүргізілуде. Ауылға кіре беріс қақпа қайта жаңғыртылған.
Сонымен қатар, жаңа үлгідегі кіші сәулеттік формалар орналастырылып, бірнеше балалар спорт ойын алаңдары жөндеуден өткен.
Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның да шарапатын зор сезініп отыр. Былтыр кәсіпкерлікпен айналысатындар қатары артып, 82 ауыл тұрғыны осы саладан жұмыс тапты. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» 28 млн. теңге болатын 4 жобаны қаржыландырды. “Сыбаға” бағдарламасы аясында ауылдық округте 3 жоба қолдау тауып. нәтижесінде Қызылржармада төрт түлік саны 117 пайызға өскен.
Жалпы, Қызылжарма ауылдық округінде қала әкімінің тікелей қолдауымен бір қатар жұмыстар жүзеге асырылған. Бұл туралы қала әкімі өз баяндамасында тоқталды.
Қала әкімі қала және қалаға қарасты елді елді мекен жолдары, оның ішінде осы ауылдағы жолдарды жөндеу басты назарда тұрғанында айтты және биылда осы жұмыстардың жасалуын қарастыру үшін тиісті салаға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар аяқ-су мәселесі де шешілетін болды.
Жалпы, есептік кездесуде ауыл тұрғындары қала және ауыл әкімінің атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп өздерінің көкейтесті сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді.
Бұл ауыл да қаржы институттары мен несиелік ұйымдар, мемлекеттік мекемелер ауыл тұрғындарына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат ұсынды.