Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ӨЗ БАҒАСЫН БЕРДІ

ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ӨЗ БАҒАСЫН БЕРДІ
Қалаға қарасты елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, қаламен қатар, ауылдар да қарқынды даму үстінде. Бүгінгі Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесу осының айқын дәлелі. Есепті кездесу барысында ауыл әкімі 2019 жылы атқарылған мәселердің түйінің тарқатып, алдағы мақсат-межені таныстырды.
Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындары қала және ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстарына бірауыздан қолдау танытып, риясыз алғыстарын білдірді. Себебі, есепті кездесу барысында көтерілген мәселелердің уәде етілген мерзімде оң шешімінің табуы халықтың сенімін ұялататыны және биыл да нық осы сеніммен жоспарлары мен ұсыныстарын қуана жеткізді. Бұл сәтке лық толы жиналған халық куә.

Жалпы, Қосшыңырау ауылдық округінде халық саны 3 мың 238 адамды құрайды. Әлеуметтік салағы нәтижелі жұмыстардың бірі, Абай және Досан қос ауылындағы 200-ден аса тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы аясында азық-түлік түрінде көмек көрсетілсе, «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы шеңберінде оқушыларға 470 мың теңгенің оқуға қажетті құрал жабдықтары табысталды. Ауылдағы тұрмысы төмен 171 отбасы атаулы әлеуметтік тағайындалды.
Былтыр ауыл тұрғындарының келісімі бойынша табиғи газды ауылға кіргізу үшін "Каз Энерго Проект Строй" ЖШС-мен келісім жасалып, қазір Досан елді мекенінен 51 отбасы орталықтандырылған ілеспе газдың игілігін көріп отыр. 
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынған "Атамұра-Орда" балабақшасында 100-ге жуық бүлдіршін тәрбиеленуде.
Абай ауылында дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетуде. Бұдан бөлек, екі елді мекенге ортақ жедел-жәрдем көлігі қызметіне жұрт риза.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аясында жалпы құны 6,4 млн. теңгені құрайтын 13 жоба қолдау тапты. 
"Агробизнес" бағдарламасы шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында құны 45,7 млн. теңгені құрайтын бірнеше жоба іске асырылды.
Өткен жыл үлесіндегі жаңалықтың тағы бірі – Жастар жылына орай, ауыл жастарына мемлекеттік қолдау көрсетіліп, 3 жас кәсіпкер 8,5 млн. теңге көлеміндегі қаражат алып, кәсіп бастауы.

Ауыл тұрғындарының тұрмыс тіршілігіне қажетті қолайлы орта қалыптасуы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласында мақсат еткен жобалардың жүзеге асуы қосшыңыраулықтардың жылды табысты аяқтауының нақты дәлелі.
Ауыл халқының алдында есеп берген қала әкімі осы толайым табыстардың барлығы Елбасымыздың, Ел Президентінің және бірлігі бекем халықтың қолдауының арқасында деді. Қалада жыл сайын серпінді жобалар мен ауқымды жұмыстар жасалып, халық артқан сенім үдесінен шығу жолында өзекті мәселелер шешімін тауып келеді.

Сонымен қатар, есепті кездесуге келген ауыл тұрғындары қаржы институттары мен несиелік ұйымдар, мемлекеттік мекемелерден  мемлекеттік бағдарламалар туралы арнайы түсіндірме ақпарат ала алды.
17 қаңтар 2020 ж. 1 217 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?