Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТАСБӨГЕТ: ТОЛЫМДЫ ТІРЛІК, ТАБЫСТЫ ЖЫЛ

ТАСБӨГЕТ: ТОЛЫМДЫ ТІРЛІК, ТАБЫСТЫ ЖЫЛ
Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің халық алдында есеп беру шарасы Тасбөгет кентінде жалғасты. Кент орталығындағы С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен кент әкімі Пакуатдин Шамұратов өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
Пакуатдин Шамұратов былтыр Тасбөгетте атқарылған жұмыстар барысын таразылады. Қарамағына «Иіркөл» елді мекені мен «Сабалақ» саяжайы кіретін Тасбөгет кенті – қаладағы ірі әкімшілік аумақ саналады. Облыс орталығының іргесінде орын тепкен байырғы қоныста 30 мыңнан астам адам тұрады. Халық көп шоғырланып, табиғи өсім саны жоғары.
Өткен жыл ішінде 59 жеке кәсіпкер тіркеліп, кәсіпкер саны 622-ге өсті. "Жастар жылына " орай кенттегі 29 жасқа дейінгі азаматтар ұсынған 2 жоба қолдау тапты және оны жүзеге асыру үшін өңірлік инвестициялық орталықтан 5,0 млн. теңге бөлінді.
Өткен жылы 16 көшеге жалпы құны 523,4 млн теңге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім беріліп, оның 4 көшесіне (Шүкіров, Мыханов, Мамбетов, Жунісбаев көшелері) қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.
Кент әкімінің айтуынша, Тасбөгеттің қазіргі экономикалық дамуы қарқынды. Жыл сайын жергілікті халықтың қолайлы өмір сүруі үшін ілкімді істер жүзеге асып келеді. Кент табиғи газбен толықтай қамтамасыз етілген.
Кездесу барысында кент, ауылдық округ тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ауыл тұрмысын жақсартуға қажетті ұсыныстар айтты, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Жиын соңында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы қалада атқарылған жұмыстарды саралап өтті. Былтыр қала үшін табысты жыл болды. Қала бюджеті артып, оған қыруар істің қарқынды жүргені көпшіліктің көз алдында. Әкімнің есебін тындаған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейде жүрген сауалдарын жолдады.
16 қаңтар 2020 ж. 1 300 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?