Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «BIRGEMIZ» ЕРІКТІЛЕР КОРПУСЫ» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қалалық жастар ресурстық орталығының директоры С.Кеңшілік мәлімдеп, жыл көлемінде атқарылатын шараларға тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтіп, биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осы орайда, жастарға жауапкершілік, мейірімділік сезімін тәрбиелеу, жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру, Қызылорда қаласының белсенді волонтерлік ұйымдары мен топтарына қолдау білдіруді мақсат еткен «BIRGEMIZ» ЕРІКТІЛЕР КОРПУСЫ» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты барлық елді-мекендерді қамтып, 1000 жасты тікелей, және 10 000 жасқа жанама әсерін тигізбек.
Бұдан бөлек, Орталықтың жылдық жоспары жастардың негізгі мәселелері мен сұраныстарын анықтау мақсатында әзірленген әлеуметтік сауалнама негізінде бекітілмек.
Сонымен қатар, мемлекеттік маңызы бар атаулы мерекелер - Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Конституцияның 25 жылдық мерейтойлар жастардың назарынан тыс қалмақ емес.
Мәселен, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, «Ұлттық волонтерлік желі» республикалық қауымдастығымен бірлесе отырып республика көлемінде жүзеге асырылып келген «Жеңіс» жобасын орталық жанын құрылған арнайы еріктілер тобымен жүзеге асырылатын болады. Бұл жоба соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне көмек көрсету айына бір реттік сұраныстарына сәйкес дәрі-дәрмекпен, азық түлікпен қамтамасыз етуге мүкіндік береді.
Сонымен қатар жоба аясында жалғыз басты қарттарға көмек көрсету қарастырылған. Бұдан бөлек жастар расындағы ұлтажандылықты насихаттау, жастарды әскерге шақыру мақстаында арнайы кездесулер мен кешенді шаралар жүзеге асырылатын болады.
ОРТАЛЫҚ қала көлемінде жұмыссыз немесе ешбір оқу орнында тіркелмеген жастармен жұмысты күшейтуді негізігі бағыттарының бірі етпек.

13 қаңтар 2020 ж. 1 201 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?