Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АБАЙ – ӨМІРДЕ ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫРҒАН МӘҢГІ ТҰЛҒА

Бүгін Мемлекет басшысының ұлтымыздың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлы туралы еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласымен таныстым.
Мақалада Ел Президенті - «Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес...
Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған» - деді.
Сол себепті ұлы хакімнің мерейтойын жоғары деңгейде атап өту - ұлтымыздың рухын асқақтатар, ана тіліміздің діңгегін нығайтар, мәдениетімізді маздатар оң қадам деп есептеймін.
Осы ретте, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында Абай Құнанбайұлының өмір тарихын білу, оны тереңнен зарттеу, философиялық ой толғамын бала санасына сіңіру маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Абайдың өшпес мұрасын ұрпақтан - ұрпаққа насихаттау бағытында ұстаздар қауымының міндеті орасан зор.
Абай есімі – ұлт санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Сондықтан да кемеңгер ақыл иесінің тойы тек қазақ халқы үшін ғана емес, әлем жұртшылығына паш етер маңызды шара болуы тиіс дер едім.
«Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі - өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Бұл жөнінде Ел Президенті – «Ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы» – деп атап өтті.
Расында, ұлы ақын – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз.
Сол себепті, ақынның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, одан кейін әлемге таныту баршамыздың азаматтық парызымыз.
Сол үшін де биылғы жылғы атқарылар ауқымды шараларға жауапкершілікпен қарап, терең мағынасын ұғына білген жөн.
Бүгінгі Президентіміздің жариялаған мақаласы да осы бағытты насихаттайды.
Сондай-ақ, мақалада Президентіміз ұстаз мәртебесінің биікте екенін, білім беру саласын заманға сай дамыту қажет екенін атап өтті.
Осы артылған сенімге сай жұмыс жасау арқылы, ұстаздардың легін алдыңғы қатардан көрсету біздің басты міндетіміз.
Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында ұстаздар Абай мұрасын кеңінен дәріптеп, қоғамның қалыптасуына өз септігін тигізеді.
Ағымдағы жылы Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларды ауқымды деңгейде өткізуге ұстаздар қауымы мен оқушылар болып бірігіп атсалысатынымызға сенімдімін.

Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы
Меруерт Әбдіхалықова
09 қаңтар 2020 ж. 850 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?