Біз, ұстаздар қауымы! Жас ұрпаққа Абай шығармаларының құндылығын бойына сіңіріп, кеңінен насихаттай білуіміз керек.
«Қазақтың бас ақыны, данышпан, «...қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын лайықты атап өту үшін мемлекет көлемінде маңызды іс-шаралар легі өтуде. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды. Абайдың шығармаларының өміршеңдігін білеміз, оқимыз, өнеге аламыз. Ақынның шығармаларын оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясына өткендей болады. Егеменді елдің жарқын болашағы жастар, мектеп оқушылары, студенттер тағы да қазақтың бас ақынының өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айтып, туындылардың маңызы мен қажеттілігін одан әрі терең түсіне, өмір соқпақтарында ұлы ақынның қарасөздерінің айшықтылығын ескере білу керек. Сол қара сөздердегі мәнді де, мағыналы сөздерді өміріне ұстану қажет деп ойлаймын. Біз, ұстаздар қауымы! "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе",-деп жас ұрпаққа Абай шығармаларының құндылығын бойына сіңіріп, кеңінен насихаттай білуіміз керек. Біз Абайды таныту арқылы Қазақстанды әлемге танытанымызды есте ұстауымыз қажет.
Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейінің мұғалімі
Кабылбаева Меруерт