Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

БАРША ЖҰРТШЫЛЫҚҚА РУХАНИ АЗЫҚ БОЛМАҚ..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы туралы..

Қазақтың ұлы ақыны,кемеңгер тұлға Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын мемлекеттік дәрежеде атап өту барысында халықтың ой-пікірімен санасып, биік ақыл-парасаттылықпен, салиқалы деңгейде өткізуге мән беру керектігін айтқан мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бұл мақаласы көрегенділігімен қоса, ел дамуына, ел тарихына, ел мәдениетіне аса зор құрметпен қарайтын тұлға екендігін көрсетеді.

Бұл мерейтойдың маңызы ерекше болмақ. Әсіресе, тағылымы мол тұлғадан бойына адами құндылықтармен бірге, сөз құдіреті, сөз саптау шеберлігі шыңдалар білімді жастарға көзі ашық көкірегі ояу, жан-жақты дамыған «Мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы ұлттың ұрпағы ретінде болашақ жастар қалыптасады деп ойлаймын.
Ұлтының ғана емес, әлемнің алып тұлға мақтанышына айналған кемеңгер ұлы тұлға Абайдың  әлем мойындаған ұлы ойлары мен философиялық шығармаларында адамға ой салар, тәрбие мен тәлім, білім мен мәдениетті бойына дарытатын құдіретті күш, сезім бар. Олай болса, рухани жұтаңдық жайлаған осы заманның бірден бір емі. БАРША ЖҰРТШЫЛЫҚҚА РУХАНИ АЗЫҚ БОЛМАҚ.. 

           Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицей 
           тарих пәні мұғалімі  Ибраимова Алмаш
09 қаңтар 2020 ж. 850 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?