Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АДАМ САТУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы №138 бұйрығымен бекітілген «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес «Кіші кәсіпкер әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестігі жанынан  «Жан» дағдарыс орталығы құрылып, қызмет алушыларға стандартқа сәйкес әлеуметтік-құқықтық, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық мәселелері бойынша кеңестер беріліп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Сонымен қатар, дағдарыс орталығының «Адам саудасының құрбандарына» қолдау көрсету бойынша келесі «Сенім телефондары «Горячая линия–11616» жұмыс жасайтындығын хабарлаймыз.

Жалпы, адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату құрбандарына дағдарыс орталығында 9 қызмет түрлері көрсетіледі.
1. Шұғыл әлеуметтік қорғау мен көмекке өте мұқтаж адамдарды мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып анықтау;
2. Көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру, қайта әлеуметтендіру жөніндгеі іс-шараларды өткізу;
3. Көрсетілетін қызметтерді алушыны орналастырған кезде койка-орын беру, керек-жарақтарымен, жеке гигиена заттарымен, қажет болған жағдайда ішкиіммен, киіммен және аяқкиіммен қамыту.
4. Ұйымда қолайлы моральдық-психологиялық климатқа қалыптастыру;
5. Осы стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
6. көрсетілетін қызметтерді алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемдері мен түрлері, ұйымның ішкі тәртіп қағидалары туралы хабардар ету;
7. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру.
8. Көрсетілетін қызметтерді алушыларды қайта әлеуметтендіру, олардың азаматтық, мүліктік және өзге де құқықтарын қайта қалпына келтіру мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдармер, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет, сыртқы істер органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, көрсетілген қызметтерді алушы шығатын елдердің Елшіліктерімен және басқа да органдармен өзара іс-қимыл жасау;
9. Ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар ұйымның негізгі функциялары болып табылады
26 қыркүйек 2019 ж. 969 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?