Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«РАБИС» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ ҚОРЫ КІТАПТАРДЫҢ ЖАҢА ЛЕБІМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжановтың қатысуымен Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы баспасөз конференциясы өтті.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты қалалық мәдениет үйі, клубтары және халықтық ұжымдар, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және қалалық мәдени-демалыс паркі бар.
Мамыр айынан бастап сол жағалаудағы Қызылорда қаласының тарих музейі қалалық мәдениет бөлімінің теңгеріміне берілген. Бүгінде мекеме жоспарға сәйкес өз жұмысын атқаруда.
Оған қоса, Қызылорда қаласы бойынша жас дарынды өнерпаздарды үлкен сахнаға дайындау үшін қала орталығындағы және кент, ауылдық округтердегі клубтар мен мәдениет үйлер жанынан барлығы 86 үйірме жұмыс жасаса, 35 мәдени нысан халыққа қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, кітапханаға келген оқырман сұранысын қанағаттандыру, сапалы қызмет көрсету, кітап берілім жұмысын тездету мақсатында жүйеге қарасты барлық кітапханаларда Республикалық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі "РАБИС" бағдарламасы бойынша электронды каталог қорына 2019 жылдың 10 айында 15 мың 975 кітап және мақала енгізілді.
Жүйе бойынша мобильді кітапхана жұмысы жүргізілуде. Kitap.kz сайты арқылы «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында Ә. Тәжібаевтың поэзиясы, Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы кітаптары QR –код арқылы жүктеліп, 210 рет оқырманның ұялы телефондарына жүктетілді.
Есепті мерзімде сандық форматқа әр түрлі сала бойынша 174 кітап көшірілді. Бүгінгі күнге дейін 394 кітап көшірілді.
Айта кету керек, алдағы 2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Асқар Тоқмағанбетовтың 115 жылдық мерейтойы, әлемге әйгілі ғалым, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында түрлі шаралар ұйымдастыру жоспарға қойылған.
11 желтоқсан 2019 ж. 2 206 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?