ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ - МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕ
Әлеуметтік қызметтер порталы (әрі қарай-портал) – бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қызметтер мен техникалық оңалту құралдарын дербес сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе.
Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлылығы мен ұсынылатын қызметтердің және техникалық оңалту құралдырының сапасын жақсарту үшін енгізіледі.
Инватаксиден басқа 6 процестің 5-уін цифрландыруды ұсынады, бұл:
1) Арнайы әлеуметтік қызметтер;
2) Техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
3) Ымдау тілі мамандарының қызметі;
4) Жеке көмекшілердің қызметі;
5) Шипажайлық-курорттық емдеу.
Мемлекет техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтердің құнын өтеудің механизмдерін қарастыруда. Порталда құны мемлекет кепілдік берген сомадан асатын техникалық оңалту құралдарын немесе қызметтерді таңдаған жағдайда, қызмет алушы айырманы өз қаражаты есебіен төлейді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 бизнес-процестің 2-уі портал арқылы аударылады: бұл арнайы әлеуметтік көмек және техникалық оңалту құралдарының жартысынан көбі, жеке таңдауды қажет етпейтін, соның ішінде толық республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 24 түрі енеді.
Жеке таңдауды қажет етпейтін техникалық оңалту құралдарының қалғаны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады. Сонымен қатар қалған үш бизнес-процес бойынша (шипажайлық-курортық емдеу, жеке көмекшілердің қызметтері, ымдау тілі мамандарының қызметі) 2020 жылдың екінші жартыжылдығында қаралады.
Үздіксіз қамтамасыз ету мақматында 2020 жылы оңалту құралдары мен қызметтерді балама негізінде: портал және мемлекеттік сатып алулар арқылы ұсынылатын болады. Порталға толық көшу 2021 жылдан бастап жүзеге асырылады.
Порталға тіркеле алатын жеткізушілер, олар:
1). Салық басқармасына және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қарызы жоқта;
2). Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтындар;
3). Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
4). Міндетті серификаттауға жататын тауарларды жеткізуде сәйкестік сертификаты болуы керек.
1) Медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге тіркеу туралы куәліктің болуы;
2) Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердің сату бағасын ұсыну.
Жеткізішілер порталдан тіркеуден щығарылп тасталады, егер:
1) Тіркеуден шығауға өтініш берген жағдайды;
2) Бизнесті тоқтату немесе жеткізушінің қатыс болуы;
3) Жосықсыз мемлекеттік сатып алуға қатысушылар тізіліміне енгізілген;
4) әлеуметтік қызметтер порталындағы міндеттерді орындамауы немесе олардың орындалмауы.
Бұл адал бәсекелестікті арттырады және әлеуетті жеткізушілердің қалпына келтіру объектілері мен қызметтерін енгізуге қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Қызмет алушылар поралды өздері немесе басқарманың қызметкерлерінің немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көмегін пайдалана алады.
Порталдың енгізілуі техникалық оңалту құралдары мен ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартады, оларды қабылдау мерзімдерін және мақсаттарын сұраптайды, техникалық оңалту құралдарына және оларға қажеттілікті анықтайды.
Ағымдағы жылдың аяғында портал алушылар мен қызмет алушылар үшін порталды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар, сонымен қатар басқарманың және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлері үшін оқу курстары әзірленеді.
Порталдык әкімшісі - «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қолдауымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2019 жылдың 1 қарашасынан бастап порталды пайдаланушылар үшін 1411 нөмері бойынша Cаll-орталық жұмыс істейді.