Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АҚЫНДАР АҚМЕШІТТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қолдауымен ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми кітапханада өткен ақындар бәйгесінде жас ақындар қаланың тамырлы тарихын, өркенді жетістіктерін арнауға қосты.

Ақындар қаланың даму перспективасын кестелі жырға қосып, ажары айшықталған шаһарды отты шумақтармен әрледі. Қазылар алқасының құрамы да өлең өлкесінде өзіндік орны бар азаматтар мен азаматшалар жас ақындардың шығармашылық деңгейін жоғары бағалады. 

Үздіктер сайысында топ жарған ақындар мүшәйрасында І орынды Айдар Сайлауов, ІІ орынды Ақтілек Бітімбай, ІІІ орынды Бексұлтан Орынбасар иеленді.

Айта кетейік, жас ақындардың арнау өлеңдері арнайы жинақ болып басылып шықпақ. 

08 желтоқсан 2019 ж. 938 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?