Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МҰРАГЕР МЕКТЕБІНЕ – 100 ЖЫЛ


Қызылорда қаласындағы іргелі білім беру ошағының бірі Мұрагер мектебі 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Н.Бекежанов драма-театрында салтанатты түрде аталып өткен іс-шараға білім саласының ардагерлері мен ұлағатты ұстаздар жиналды. 

Білім беру ошағының мерейлі мерекесінде қала әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы бұл мектептің өңір тарихындағы орны, шәкірт тәрбиелеу жолындағы маңызды орны туралы тілге тиек етті.

Шарада еңбегімен еленген ұстаздар республикалық, облыстық дәрежедегі жоғарғы марапатқа ие болып, бірнеше ұстаз арнайы Қызылорда қаласы әкімінің атынан Нұр-Сұлтан қаласына демалысқа жолдаманы алды. 

4000-нан аса оқушы білім алып жатқан Мұрагер мектебінде 430-ға жуық ұстаз білім береді. Оқу ордасының ғасырлық тарихында жеткен жетістіктері шара барысында бейнеленді. 

08 желтоқсан 2019 ж. 1 336 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?