ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты Белкөл кентіндегі бірнеше нысанның ашылу рәсіміне қатысты.


Бүгін біз, Сіздермен бірге тағы да осындай игілікті істің куәсі болғалы тұрмыз.
Атап айтқанда, кент орталығынан заманауи медициналық амбулатория ғимаратын ел игілігіне табыстағалы тұрмыз.
Жаңа дәрігерлік амбулатория кент халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілген.
Бұл біріншіден ел тәуелсіздігінің арқасында қолға алынған тың бастамалар мен халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың мәуелі жемісі. Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат, халықтың игілігі үшін қызмет етсін»,-деді шаһар басшысы.


Сонымен қатар, Қала әкімі өңірімізде кең өріс алған кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында кент жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Әсет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалануға берген жаңа нысанында болды.
Бұл кешен, қалалық спорт бөлімімен келісім - шартқа отыру арқылы жергілікті жастарға «Дзю - До», «Үстел теннисі» және «Каратэ - До» үйірмелерін ұсынып отыр.
Сонымен қатар, бұл кешенде 90 оқушыға шақталған «Әл - Әзиз» оқу – шығармашылық орталығы және көлік жуу, монша, шаштараз секілді қызмет көрсету орныдары қарастырылған.
