Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметованың қатысуымен АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ туралы баспасөз конференциясы өтті.
Алдағы 2020 жылдан бастап көмек жаңа үш бағытта көрсетілетін болады. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Ал, еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналысуға тиісті жағдай жасалады.

Бірінші бағыт бойынша көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген мемлекеттік жәрдемақы ұсыну қарастырылады. Көпбалалы бұл – кәмелетке толмаған төрт не және одан көп баласы бар отбасылар. Егер бала студент болатын болса, онда 23 жасқа дейін кепілдендірілген төлем, яғни: 
төрт баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 
бес баласы барларға 53 125 теңге, 
алты баласы барларға 63 750 теңге,
жеті және одан жоғары балалары бар отбасыларға 73 375 теңгеден (отбасы мүшелеріне емес, бір отбасына) төленетін болады.
Бұл жерде бастысы отбасының көпбалалы болуы, сондықтан бұл мемлекеттік жәрдемақы үшін отбасының табысы қаралмайды.
Мұндайда, «көпбалалы емес, бір,екі, үш баласы бар, бірақ әлеуметтік жағдайы төмен болса АӘК беріле ме» деген сауал тағы да туындайды. Екінші бағыт – осы мәселенің шешімі.

Екінші бағыт бойынша АӘК аз қамтылған отбасыларға төленеді. Отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының арасындағы айырмашылық ретінде тоқсан сайынғы АӘК тағайындалады. Қазір АӘК шартсыз көмек алушыларға 6 айға және шартты көмек алушыларға 12 айға дейін тағайындалатыны белгілі. Ал, келесі жылдан бастап әлеуметтік көмек 3 айға тағайындалатын болады.
Себебі, үш айда отбасы құрамында және табыс көлеміне қатысты өзгерістер болуы мүмкін. Бұл, АӘК-ті заңсыз тағайындамауға жасалған бірден-бір қадам. 
Отбасы құрамында жұмысқа қабілетті азаматшалар болса, жұмыс істеуі керек. Егер жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыс істеуден бас тартатын болса, балаларға да, бұл отбасыға да жәрдемақы төленбейді. Бұл бағыт отбасы иелерінің өз отбасына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталады.

Үшінші бағыт аз қамтылған отбасылардағы балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету. Мектеп жасына дейінгі 1-6 жасқа дейінгі балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағы 6-18 жасқа балаларға мектепте ыстық тамақ, мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешек беріліп, күнделікті оқуға барып-қайту жол шығыны өтелетін болады.
07 желтоқсан 2019 ж. 918 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?