ҚАЛА АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУ, КӨРКЕЙТУ МАҚСАТЫНДА ӘЗІРЛЕНГЕН ЖОБАЛАР ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Бұл туралы Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғабит Қожахметов айтты.Соңғы жылдары қаламыздың сәулеттік келбеті жақсарып, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруда игі істер жүзеге асырылуда. Бұған қоса қала аумағын абаттандыру, көркейту мақсатында түрлі жобалар әзірленіп, ұсыныс ретінде енгізілді. Ұсынылған жобалардың қатарында, «Ботаникалық саябақ», «Зеленый бульвар» жобасы, А.Иманов ескерткішін орналастыру, «Арбатты» қайта жаңғырту, Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион маңын, Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыру, А.Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту мақсатында граффити сурет орналастыру, №4 мектеп ғимаратын сыртқы келбетін жаңарту жобасы және тағы да басқа жобалар қамтылған.Сонымен қатар, бөлім тарапынан қала көркіне кері әсерін тигізген аяқталмаған құрылыс объектілер бойынша прокуротура органдарымен бірлесіп, қала аумағындағы құрылысы толық аяқталмаған нысандардың тізімі жасақталып, бүгінгі күнге 85 құрылыс нысандардың 62 қалпына келтіріліп, қалған 23 объекті бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан 730-нен астам рұқсаты жоқ кәсіпкерлік нысандарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 168-нысанда орналасқан заңсыз жарнамалар алынып тасталды.
Сондай-ақ, конференция барысында Жеке және заңды тұлғалар елді мекеннің аумағында құрылыс салуды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.11.2015 жылғы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» № 750 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратындығы хабарланды.
------------
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Сіздерді пайдаланып отырған жеке тұрғын үйлерінің, ғимараттарының айналасының санитарлық тазалығын қадағалап, ауласын абаттандырып, көркейтуді және олардың азаматтар үшін қауіпсіздігін, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтік және басқа да талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін лайықты жағдайда ұстауға шақырамыз!