Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

4 МЫҢ 11 ГЕКТАР КҮРІШТІҢ ӘР ГЕКТАРЫНАН 52,0 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ ЖИНАЛЫП, ҚАМБАҒА 20 МЫҢ 890 ТОННА КҮРІШ ҚҰЙЫЛДЫ

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы М.Сейілов «Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бойынша 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы» айтты.
Ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады.
Есепті мерзімде ет өндіру 107,3 пайызды, сүт өндіру 100,7 пайызды, жұмыртқа өндіру 2,7 есе артығымен орындалды.
Сонымен қатар, қала бойынша 390 шаруа қожалығының бірігуімен 27 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтері құрылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 109 маманға көтерме жәрдемақы үшін 19 млн. теңге, 55 маманға баспана алу үшін 197 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді.
29 қараша 2019 ж. 964 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?