Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНДА

29 қараша күні қалалық Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы ұйымдастырылып, кеңес барысында «Қызылорда қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқиғаларын болдырмау бағытында атқарылған шаралар туралы» қалалық полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаевтың есебі тыңдалды.
Өздеріңізге белгілі, соңғы кездері жиі орын алған жол-көлік оқиғалары қоғамның үлкен алаңдаушылығын тудырған болатын. Осыған байланысты қалалық қоғамдық кеңес осы мәселелерді толық зерттеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қалалық полиция басқармасы мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне қала тұрғындарының сұранысы мен бірқатар ұсыныстар айтылды.
Айтылған ұсыныстар қатарында көлік қатынасы қарқынды көшелерде жылдамдық шектеу жол белгілерімен қамтамасыз ету, аялдама бойына қорғаныс бағаналарын орнату, жасанды кедергілер қою, жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыру, т.б. ұсыныстар қамтылып, осы айтылғандарды орындау үшін құзырлы органдарға ұсыныс жолдау туралы шешім қабылданды.
30 қараша 2019 ж. 567 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?