Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АЙМАҚТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ 48,8 ПАЙЫЗЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЛЕСІНДЕ

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Есмахановтың қатысуымен «Қызылорда қаласы бойынша жаппай кәсіпкерліктің дамуы жөнінде» баспасөз конференциясы өтті.
2019 жылдың қорытындысымен қалада шағын және орта бизнестің көлемі ұлғайды.
Оның нақты дәлелі, облыста нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,8 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде болуы. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерде 50 020 адам жұмыспен қамтылған.

Жыл көлемінде қалада өз қаражаты есебінен жалпы құны 3 млрд. 878 млн. теңгені құрайтын 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 501 жұмыс орны ашылса, шағын және орта бизнесті дамытудың басты көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес 2 мың 545 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, жаңадан 2 мың 627 жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасымен 137 жоба қаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 32 жоба мақұлданып, 23 жобаға қайтарымсыз қаражат берілді.
«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында қала бойынша 19 жоба қолдау тапты.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша «Бизнес-Кеңесші» жобасында 535 адам оқытылды. Бұған қоса «Бизнес-Бастау» жобасы аясында 140 азамат оқыса, қазіргі таңда жоба аясында 118 адам оқытылуда.

Ал, «Жас кәсіпкер» жұмыссыз жастарды оқыту жобасы бойынша қала және елді-мекендерден 310 жұмыссыз жастар оқытылып, оның ішінде 252 жас азаматтар өздерінің бизнес жобаларын қорғап шықты.
03 желтоқсан 2019 ж. 722 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?