АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
4 желтоқсан күні қала әкімі Н. Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қалалық электр тарату тораптары басқармасының атқарған жұмыстары мен Қызылорда қаласының экологиялық мәселелері туралы қаралды.
Қазіргі күні Қызылорда қаласында 51,8 шақырым көлемінде әуе желісі және 10 дана қосалқы станциялары күрделі жөндеуден өтсе, 13,2 шақырым көлеміндегі әуе желісіне және 4 дана қосалқы станцияларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, биыл Евразия Қайта құру және Даму Банкі арқылы 10/0,4 кВ электр тораптары модернизациясы бойынша «2017-2020 жылдарға арналған кернеуі 10/0,4 кВ электр желілерін қайта құру және жаңғырту» Инвестициялық бағдарламасымен Қызылорда қаласы, Шанхай бөлігінде 38 дана 10/0,4 кВ қосалқы стансасын жаңғырту және 14 дана 10/0,4 кВ қосалқы стансасына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесінде, талапқа сай емес электр желілерінің ұзындығы 185,54 шақырымнан 121,94 шақырымға дейін азайтылды.
Бұған қоса, талапқа сай емес электр желілерін жою жұмыстарын жалғастыру үшін бюджеттік өтінім беріліп, «Сабалақ» саяжай серіктестігі мен «Медик», «Монолит», «Обувщик», «Мелиоратор», «Дорожник» учаскелерінде жұмыс жасау жоспарға қойылған.
Айта кету керек, бұған дейін саяжай статусы болғандықтан халық тығыз орналасқан елді-мекендердің бірі Сабалақ тұрғын ауданында жиі көтерілетін жол, ауыз су және жарық мәселесі тиісті денгейде шешу мүмкін болмаған. Бүгінде «Сабалақ» саяжайы қала аумағына енгізіліп, сәйкесінше осы бағыттағы жұмыстарға тиісті қаржы бөлініп, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда осы аумақты дамыту бағытында қарқынды жобалар жүзеге асырыла бастады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қаладағы экологиялық ең өзекті деген мәселелер талқыланып, оларды жою туралы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.