БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТУДА
БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТУДА


Білім бөлімі тарапынан білім беру ұйымдарын цифрландыру бағытында Қызылорда қаласы бойынша 240 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне енгізілсе, мектептердің компьютермен жабдықталуы 100 пайызға, интернет желісіне қолжетімділік 100 пайызға және электронды күнделік жүйесіне қосылу көрсеткіші 100 пайызға жетіп отыр.
Сонымен бірге, білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу бағдарламасы бойынша қаладағы барлық мектептер 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Биылғы жылы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 320 орындық балабақша өз жұмысын бастаса, «Ақсуат» ауылдық округінде орналасқан 120 орындық балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын шешу мақсатында №198 орта мектебі жанынан 200 орындық және №261 орта мектеп жанынан қосымша 150 орындық ғимараттар салынып, а.ж. қазан айында пайдалануға берілді.

Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, "Саяхат" мөлтек ауданынан 300 орындық мектеп, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп құрылыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсынылды.
Айта кету керек, бұған дейін СПМК және Арай-3 мөлтек аудандарынан 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауы мен Қызылжарма ауылдық округінен 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алуға ұсынылған болатын.