Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Халықаралық мүгедектер күніне орай А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылды.  Мерекелік шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен дайындалған көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, халықаралық мүгедектер күніне орай белсенділігімен ерекшеленген мүмкіндігі шектеулі жандар мен ұжымдар арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Айта кетейік, 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының аяқталуына орай 3 желтоқсан – Мүгедектер күні болып жарияланды. Аталмыш мереке өңірімізде биыл VI мәрте ұйымдастырылып отыр.

Қазірде облыс бойынша 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Биыл ерекше жандарға әзірленген жеке оңалту бағдарламаларының орындалуына бюджеттен барлығы 943,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. 


03 желтоқсан 2019 ж. 791 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?