ҚЫЗЫЛОРДАДА «ORDA SCHOOL» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Қызылордада 700 орындық «Orda School» жеке бастауыш мектебі ашылды. Білім орнының салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Каринова арнайы келіп, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Назарбаева мен вице-премьер Б.Сапарбаевтың құттықтау хаттарын табыстады.
Қызылорда өңірінде мемлекет пен жеке бизнес секторының арасында тығыз байланыс нәтижесінде қалада 4 жеке мектеп жұмыс істейді. Мектептерде жан басына қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырыстар берілген. Соның бірі «Orda School» бастауыш мектебі құрылды. Мектептің даму стратегиясына сәйкес ауқымы кеңейіп, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. 700 орындық жаңа ғимараты қаланың сол жағалауында орналасқан.