Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шаралар
2019 жылдың 21-22 қарашасында «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі аясында Қызылорда қаласына республикаға белгілі теолог, «Нұр Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, исламтанушы Сейдманов Оралхан Рахматбекұлы келіп, қала тұрғындарының әртүрлі санатымен ақпараттық кездесулер өткізді.
21 қараша күнгі шаралар Студенттер сарайында «Деструктивті діни ағым идеологиясының алдын алу жолдары» атты қала мектептеріндегі арнайы мамандар, кент және ауылдық округ әкімдері, мешіт найб имамдарына арналған семинардан басталып, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 1 оқу ғимаратындағы «М.Шоқай атындағы ғылыми-зерттеу институтында» «Діни сауатсыздық — діни экстремизмнің бастауы» атты студенттер жастармен кездесумен жалғасты. Одан соң, республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Оралхан Рахматбекұлы №5 студенттер жатақханасында жатақхана тұрғындарымен «Жат ағымныі етегіне ерме!» атты кездесу өткізіп, жастармен еркін пікір алмасты.
22 күнгі кездесулер «Мәзһабты ұстанудың маңыздылығы» атты И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық колледжде орта арнаулы оқу орындары жастарымен кездесуден басталып, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мәжіліс залында теологтар, психологтар және арнайы мамандармен кездесумен жалғасын тапты.
Дін саласындағы білікті маманға қала жұртшылығы көкейкесті сұрақтарын қойып, қазіргі таңда маңыздылыққа ие мәселе бойынша тұщымды жауаптарын алды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Fulcrum Foundation» азаматтық бастамаларды қолдау» қоғамдық қоры қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес республикаға белгілі 3 теологты шақырып, қала жұртшылығымен, мешіт жамағатымен кездестірген болатын.