Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» КММ-сі мен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22 қараша күні сағат 11.00-де студенттер сарайында «Білім және инновация» атты инновациялық идеялар мен жобалар байқауы өткізілді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты: Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының инновациялық идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер беру және олардың бастамаларына қолдау білдіру болып табылады.
Байқау Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары және Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі және жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілді.Қатысушы үміткерлер IT технология, робототехника, география, физика, химия, биология, экология, информатика салалары бойынша тың жобалары (автокөлік, өндіріс, ауылшаруашылық, су көлігі, құрылыс, жылу-электр энергетикасы, авиация, космонавтика) мен идеяларын ұсынды. 
Жұмыстар слайд және макет, сызба және т.б. көрнекіліктер түрінде таныстырылды. 
Байқауға қала көлемінде 38 инновациялық жобалар ұсынылды.
Байқауда өз бағаларын беріп жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқалары: «Өрлеу» Акционерлік қоғамы басқармасының Қызылорда облысы бойынша филиалының деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі Маханбетов Оразбек Мәдібекұлы. Облыстық білім беру басқармасы «Дарын» қосымша білім беру орталығының әдіскері Орманова Ақбаян Мұсақызы. «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы. 
Қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Досмаханов Жанболат Жеңсікбайұлы. 
I – орын Оңайбек Диляра, Сламғали Сая II – орын Нұрмұхаметов Мади, Талғат Анель 
III – орын Ергеш Алтынбек иеленді.
Шара жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан жүлделі орындармен марапатталып және бағалы заттай сыйлықтар (планшет, сымсыз құлаққап, смартфон сағат) табысталды.
25 қараша 2019 ж. 1 807 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?