Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИГ ӨТТІ

СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИГ ӨТТІ

Облыстық ішкі саясат басқармасының "Сыр медиа" академиясын құру" әлеуметтік жобасы аясында бүгін Сыр журналистеріне арналған семинар өтті. Жиында "Ақмешіт апталығы" газетінің бас редакторы Ә.Үмбетов әріптестеріне "Бүгінгі БАҚ-тағы тақырыптың өзектілігі мен дәйектілігі" төңірегінде тұщымды ойларын айтты. 

Мұнан соң Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасының бас редакторы Қайнар Олжай қызылордалық журналистерге "Жазу тәсілдері" тақырыбында әңгіме өрбітті. Қайраткер өз сөзінде мақалаға тақырып таңдау, деректер мен дәйектерді дұрыс қолдану тәсілдері жайлы кеңінен сөз өтті.

 Семинардың екінші бөлімінде Қ.Олжай журналистерге "Редакциялаудың мән-мағынасы" жайлы дәріс өткізді. Медиатренер бұл жолы қазіргі баспасөздерде жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, сөз тіркестерін қолдануда сақ болу қажеттігін айты. 
 
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.



09 қазан 2019 ж. 787 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?