Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТ АЗАЙМАЙ ТҰР

     Қызылордада соңғы кезде телефон арқылы сенімге кіріп, алаяқтық әрекет жасайтындар көбейген. Қызылорда облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
  Осы жылдың 10 айында алаяқтық қылмыс жасағаны үшін 242 азамат жауапқа тартылған. Қылмыстың басым бөлігі интернет арқылы іске асқан. Яғни телефон арқылы сенімге кіріп, есепшотына ақша аударып алу дерегі бойынша 189 қылмыс тіркелген.


    Мамандар алаяқтық әрекетті уақытында анықтай алмау арыздың кеш жолдануынан дейді. Басты себебі құқықтық сауаттылықтың төмен екендігін де жасырмайды.


     Алаяқтардың арбауына түсіретіндер уатсап желісі арқылы сенімге кіру ыңғайлы әдіс ретінде пайдаланады. Демек, бейтарап нөмірден келген жазбаға алданып қалмау керек. Жақында ғана уатсап желісі арқыл жұртты шақырып, жалған сайт ашып, ақша тауып келген әйел 3 жылға сотталған. 
 
 
18 қараша 2019 ж. 822 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?