Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР КҮНІ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР КҮНІ
2019 жылды 14-ші қараша күні, қаламыздың сол жағалауындағы әсем ғимарат облыстық жастар ресурстық орталығында «ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ЖАСТАРЫНЫҢ КҮНІ» атты қала жастарының қатысуымен 5 бағытта мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.
«ОРТАЛЫҚ EXPO» қала жастарының көрмесі. Көрме 2 кезеңнен тұрды. Сағат 10.00-13.00 аралығында өткен бірінші кезеңде - қол өнер шеберлері, шағын кәсіп иегерлері және ауыл шаруышылық өнімдері таныстырылып жастарға рухани, және кәсіптік тәжірибені көрсетті. Сағат 15.00-19.00 аралығында өткізілген екінші кезеңде жаңа заман техналогиялары мен «3 D модельдеу» көрмеcі ұсынылды.
Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін жалпы білім беру мекемелеріндегі жоғарғы сынып оқушыларының арасында «60 СЕКУНД» интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайысқа барлығы 25 білім беру мекемесі, 150-ге жуық жастар қатыстырылды. Білім додасында оқушылар үшін логикалық, жан-жақтылық сипатындағы сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар, «Кітап құрттары» қозғалысының жетекшісі Талғат Меңдібаев «КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ БАЙ БОЛ!» тақырыбында оқушыларға шеберлік сағатын өткізді.
ЖОО және ОАОО студент жастары үшін әлеуметтік желі белсендісі Жасұлан Жакупов «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ САЯХАТ» тақырыбында лекция оқып, еркін форматта сұрақ-жауап өткізді. Жастар бұл шарадан «Алдағы уақытта аталмыш шараның жалғасы болғандығын қалаймыз»- деген оймен тарқасты.
«JASTAR JANE БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ» ток шоуы. «Қоғам ТВ» арнасымен бірлесе отырып жастар арасындағы «Бүгінгі күннің батырларын» насихаттауды жөн көрдік. Бағдарламамызға қоғам белсенділері, жауапты мекеме өкілдері, сала мамандары мен қызмет жолында өз өмірлерін қатерге тігіп қырағылық көрсететін ішкі істер және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жастарға өздері жасаған ерліктерін өнеге етті. Жастар тарапынан сұрақтар мен қызығушылық танытқан пікірлер көп болды
Шара соңы «YOTH FORMULA» қала жастарының қорытынды концертімен қорытындыланды. Кештің қонағы ретінде Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Мира Қазбекова қатысып, қала жастарын құттықтады және жастар саясатының дамуына зор үлес қосып жүрген көшбасшы, белсенді жастарды қала әкімінің атынан алғыс хаттармен марапаттады.
ҚОРЫТЫНДЫ КОНЦЕРТ 3 бөліктен құралып, «Дәстүрлі әндер», «Классика», «Эстрада» бағыттарында жастарға керемет көңіл күй сыйлады.
Көңілді кеш көптің көңілінен шықты.
15 қараша 2019 ж. 994 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?