ҚАЛАНЫҢ БАС ИДЕОЛОГЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Қазбекова Мира қала тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жұмыспен қамту, балабақша мәселесі, әлеуметтік көмек жөнінде өтініштер білдірді. Қабылдауда болған әрбір өтінішке ерекше ден қойып, маңыздылығына орай кейбір мәселелердің дереу шешілуіне ықпал етті.
Кездесуге келген Ғалым Сатығұл қызын жалғыз өзі асырап отқандығын айтып, тегін балабақшамен қамтамасыз етуге ықпал жасауын сұрады. Өз кезегінде Мира Жомартқызы Қалалық білім бөліміне тиісті тапсырмалар беріп, заңға сәйкес балабақшамен қамтамасыз етуді тапсырып, мүмкіндігінше қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Мира Қазбекова қабылдауда болған барлық өтініштердің өзінің жеке назарында болатындығын жеткізіп, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді.