Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

Қызылордалық оқушы Нұржанбек Құрманбек күріштің өсімін 5 есе арттыратын жаңа жоба ойлап тапты. Қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сыныбында оқитын өнертапқыш жобасын мектеп зертханасында сынап көрген.


- Мен жобама «фитоп тыңайтқышы» деп аталатын биологиялық препарат қолдандым. Тыңайтқыш күріш дақылының өсуіне оң әсер етеді. Тәжірибе нәтижесінде тыңайтқыш күріштің өсуін 5 есеге және өнімділігін 3-4 пайызға арттырады,-дейді Нұржанбек.


Жас өнертапқыш бұл препаратты қолдану Сырдың климаттық жағдайына және экономикалық тұрғыдан тиімді деп отыр. 

Еске сала кетейік, өнертапқыш Алматыда өткен республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, үшінші орынға ие болған. 

12 қараша 2019 ж. 816 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?