Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

         Қала әкімі әлеуметтік нысандарды аралау барысында, жылу маусымының өту барысына басымдық берді. 
        Қала әкімі аралау жұмыстарын облыс орталығындағы №198 және 261 орта мектептерден бастады. Себебі, биылғы оқу жылында халық тығыз орналасқан шағын аудандарда бала санының артуына байланысты осы мектептердің жанынан қосымша ғимарат пайдалануға берілген болатын. 
       Бүгінгі күні, №198 орта мектеп жанындағы қосымша ғимараттың өзінде 2 ауысыммен  568 оқушы, ал №261 орта мектеп жанындағы қосымша ғимаратта 416 оқушы білім алуда. 
       Қосымша салынған ғимараттарда барлық қажетті жағдай жасалған және қалыпты жағдайда жылумен толық қамтамасыз етілуде. 
       Балалардың еш кедергісіз және ыңғайлы білім алуы үшін салынған қосымша ғимараттардың іске қосылғанына, мектеп ұстаздары мен  ата-аналары ризашылықтарын білдіруде.

Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы білім ошақтарын аралау барысында, мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен тәрбие мәселесіне де ерекше тоқталды. 

Бұған дейін қаламыздың жаңа тұрғын ауданында орналасқан №261 орта мектепте қала әкімдігінің ұйымдастыруымен  ата-аналар мен мектеп инспекторларының және бала тәрбиесіне жауапты сала мамандарының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілген болатын. Мәжіліс барысында, тәрбие мәселесіне салғырттық танытқан мектеп инспекторы жұмыстан босатылып, жауапты мамандарға қатаң ескертулер берілген болатын.

Қала әкімі, қызметке жаңадан кіріскен мектеп инспекторына сынақ мерзімін беріп, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында асқан жауапкершілік танытуды тапсырды. 

Сонымен қатар, мектеп басшылығы мен оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына да осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру қатаң тапсырылды. 

Шаһар басшысы аялдаған келесі нысан көп балалы отбасылар үшін арнайы салынған «Баламекен» тұрғын ауданының көгілдір отын және жылу, ауыз сумен қамтылу мәселесімен танысу болды.


Тұрғын үйлердегі жылудың жағдайымен өзі аралап жүріп танысқан қала әкімі, бұл саланың жағдайы жеке бақылауында екендігін жеткізді.

Айта кету керек,  бұл елді-мекенде тұрғындардың сұранысына сәйкес жайлы тұрмыс кешуге қажетті барлық жағдайлар жасалуда. 

Жақында ғана осы ауданда жаңа спорт алаңдары мен халыққа арзандатылған бағамен азық-түлік өнімдерін ұсынатын әлеуметтік дүкен пайдалануға берілді.

Осындай жасалған игілікті істер мен қолдаулар үшін «Баламекен» тұрғындары қала әкіміне ризашылықтары мен алғыстарын білдіріп, жақсылықты істердің қайтымы ретінде осы ауданды көркейтіп-көгалдандыруға және абаттандыруға барынша атсалысатындықтарын жеткізді.

Қала орталығында және халық ең көп шоғырланған аймақта орналасқан №6 емханада болған қала әкімі, әлеуметтік нысанның жылу беру жағдайын көзбен көріп, анықталған кемшіліктерді жедел жою туралы ескертулер жасады. 

 - «Халық ем іздеп келетін әлеуметтік нысан жылы әрі қолайлы болу керек», - деген қала әкімі, ғимараттың ішкі, сыртқы жағдайын реттеу қажеттігін атап көрсетті.


12 қараша 2019 ж. 1 585 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?