Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТЕГІН ГРАНТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Әрбір қазақ баласы Назарбаев университетіне тегін түсе алады. Ішіне кірсең, шыққың келмейтін кампуста білім алу екінің біріне бұйырмасы анық. Бірақ, біліміне және өзіне сенетін 5448 студент осында білім алып жатыр. Демек, оқимын деп соңына дейін жүгірген жасқа университеттің тегін грантын алуға жол ашық. Жақында Назарбаев Университетінің профессор-оқытушылары мен менеджерлері Қызылордаға келіп, оқуға түсудің жолдарын айтты. 


* FOUNDATION-ға түсу. Дайындық мектебі

1.Аdmissions.nu.edu.kz сайтына тіркелу

2. Жеке кабинет ашып, 3000 теңге жарна төлеу

3.Сауалнама толтырып, құжат жинау

4. APTIS, NUFYP ET, IELTS емтихандарын тапсыру

APTIS сынағында 75 сұрақ. Өту балы – 38. Ағылшын білу деңгейін анықтау үшін.

NUFYP ET сынағында 240 сұрақ. Өту балы – 120. Математика және сыни тұрғыда ойлау деңгейін анықтау үшін

IELTS емтиханы. Өту деңгейі – 6.0. Академиялық ағылшын базасы сыналады.


* БАКАЛАВРИАТҚА түсу. 

1. Аdmissions.nu.edu.kz сайтына тіркелу

2. Жеке кабинет ашып, 5000 теңге жарна төлеу

3.Суалнама толтыру

4. IELTS, TOEFL, SAT емтихандарын жазу

5.Құжаттардың қағаз нұсқасын әзірлеу

6.Бағдарлау аптасынан өту

Орта мектеп, колледж студенттері IELTS - 6,5, TOEFL - 79, SAT – 1240/27 балл жинау керек.

НИШ түлектеріне IELTS - 6,5, TOEFL – 79 баллды құрау керек

Жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламасының студенттері IELTS - 6,5, TOEFL - 79, SAT – 1240/27 жинау керек.

Халықаралық, республикалық олимпиада жүлдегерлері  

соңғы 3 жылда халықаралық олимпиада 1,2,3 орын алғандар IELTS сертификат және комиссиямен сұхбат жүргізеді.




09 қараша 2019 ж. 654 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?