Қызылорда қаласының әкімі халықаралық бәсекеде топ жарған жастарды қабылдады
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Хрустальная магнолия» халықаралық жас орындаушылар фестивалінің жеңімпаздары мен Корей елінде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанған Рахат Бекболатты арнайы құттықтады.
Қала әкімі салтанатты кездесу барысында Корей елінде өткен жасөспірімдер арасында 96 келі салмақ дəрежесінде ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанған Рахат Бекболатты және Ресей Федерациясының Қара теңіз жағалауындағы Туапсе қаласында өткен XХXV «Хрустальная магнолия» Халықаралық жас орындаушылардың фестивалінде өнер көрсеткен Қызылордалық өнерпаздары, бас жүлде иегері Қарақат Базарбайды,ІІ орын иегері Саят Сарманбек және Көркемсөз жанры бойынша І орын иегері Хорлан Саинды жеңістерімен құттықтап, марапат төріне шығарды.Сонымен қатар, Қала әкімі қазақ эстрадасының жас жұлдыздарын әлемге танылуына жол ашып жүрген А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің жетекшісі Есмұрзаева Бағдагүл Саинқызы және Ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Пак Вилорик Викторович пен Ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Смаханов Нұржан Дәуренбекұлының еңбегін ерекше бағалап, Қызылорда қаласының ең жоғарғы наградасы "Құрмет" Грамотасын табыстады.