Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АҚЫННЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

БҮГІН ТАРИХИ ТҰЛҒА, АҚЫН МЕҢЛІАЯҚ СӘРМЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 140 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АҚЫННЫҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ӨЗІ ТҰРҒАН ЖӘНЕ ЖҰМЫС ЖАСАҒАН ҮЙІНЕ МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ.
«Жақсының аты өшпейді» деген сөздің өміршеңдігіне бүгін тағы бір куә болдық.
15 жасында «сері жігіт» атанып, ақындығымен халыққа танылған Халық ақыны Меңліаяқ Сәрменбайұлының 140 жылдығына орай ақынның өзі ғұмыр кешіп, жұмыс істеген үйінің қабырғасына қала басшылығының қолдауымен және ұрпақтарының ұйытқы болуымен арнайы ескерткіш тақта орнатылды.
Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде қала әкімінің кеңесшісі Ә. Шаймағанбетов, Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры, ҚР білім беру ісінің үздігі Қ. Құдайбергенұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ақынның қызы Қ. Меңліаяқова, қоғам белсендісі С. Жүсіпов және ақынның немересі А. Сәрменбаев сөз сөйлеп, қалалық жастар театрының әртістері Ә.Алдажаров, І.Өтетілеу, М.Серіковтер ақынның бір топ өлеңдерін оқыды.
Шара соңында Меңліаяқ ақынның құрметіне ұрпақтарының атынан тағзым гүлі қойылды.
07 қараша 2019 ж. 1 448 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?