ЖАҢА БАСШЫ
2019 жылдың 29 қазанынан бастап Әбдіреев Дінмұханбет Сейдуллаұлы қалалық электр тарату тораптары басқармасының директоры лауазымына тағайындалды.
Дінмұханбет Сейдуллаұлы, 1962 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1986 жылы Қызылорда политехникалық техникумын «Техник-электрик», 1999 жылы «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1981 жылы «Қызылорда күріш маш» мекемесінің темір жонушы (токарь) қызметінен бастап, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында электромонтер, бас инженер, Шиелі аудандық филиалының бастығы қызмет сатыларынан өткен.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының электр жабдығының сенімділігі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.