15 ЖАСАР ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ ЖЫРДЫ ЖАТҚА АЙТАДЫ
Қызылордада тұратын Валерия Лизько «Қобыланды батыр» жырын толықтай және Мұқағали Мақатаевтың 100-ден аса өлеңін жатқа айтады.
Өзге ұлт өкілінің қазақ поэзиясына деген махаббатын ұстаздары жоғары бағалаған. Ол жақында өткен «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының қалалық кезеңінде 3 орын алған.
№253 орта мектебінде білім алатын ол қазақ тілімнің жоғары деңгейде қалыптасуыма қазақы орта әсер етті дейді.
- Сыр өңірінде жергілікті ұлт өкілдері басым тұрады. Бала күнімнен қазақ балаларымен біге өстім. Көршілерімнің барлығы - қазақтар. Мен қазақ тілін еркін үйренуіме өзімнің ортам ерекше көмектесті. Мені ешкім тіл біл деп қинаған жоқ. Өзімнің ықыласым болды. Қазіргі таңда отбасында анам да, апайым да қазақша жақсы біледі, - деді Валерия.