ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨМІРДІ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Қызылордада бүгінгі күні 5 мекеме көмір тасымалдаумен айналысады. Қазірде қалаға көмірдің 4 түрі келеді. Қаражыра, Шұбаркөл, Майкөбен, тас көмір түрлері бар. Көмірдің орташа бағасы тоннасына – 14 мың теңге.
Шұбаркөл көмірін «Бек» ЖШС тасымалдайды. 1 тоннасы 13500 теңге. Мұстафа Шоқай көшесінің бойында орналасқан.
Қаражыра көмірін «Олжас-2005» ЖШС тасымалдайды. 1 тоннасы 14500 теңге. Хон Бен До көшесінен таба аласыз.
Екібастұздың тас көмірін «Қарымсақов» ЖК тасымалдайды. Тоннасы 13 мың теңге. Мұстафа Шоқай көшесінің бойында орналасқан. Ал, «Майкөбен» көмір түрін 1 тоннасы 13500 теңге саудалануда.