Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылша инфекциясы және оған қарсы екпелер туралы

           Қызылорда қаласында ағымдағы жылдың басынан бері бүгінгі күнге дейін қызылша ауруының 345 жағдайы зертханалық жолмен нақтыланды. Ауруға шалдыққандардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы егуге жасы келмеген бір жасқа дейінгі балалар мен ата - аналары  егуден  түбегейлі бас тартқан балалар және ересектер.
           Қызылша ауруынан қалай сақтануға болады ? 
          Қызылшаға қарсы Қазақстан Республикасында «Ұлттық егу календарына»  сәйкес баланың 1 жасында және қайталап 6 жасында егіледі. Сонымен қатар,  қызылшамен  ауыратын науқаспен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі  егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы вакцинаның екінші дозасын алмағандар  шұғыл түрде егіледі. Қызылша аурушаңдығының эпидемиологиялық жағдайына байланысты ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінен бастап кауіпті топтарға, яғни 9 - 10 айлық балаларға, 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне және 16 қыркүйектен бастап  20 - 29 жас аралығындағы  ересектерге  «қосымша иммундау» жүргізілуде. 
           Қосымша иммундау  Индия елінің комбинирленген қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы  (балаларға және ауру ошақтарында қарым-қөатынастағыларға) және қызылша мен қызамыққа қарсы дивакциналарымен  (20 - 29жас) жүргізілуде. Ересектер  арасында қосымша иммундаумен 20 жастан  30 жасқа дейінгі барлық адамдар егіледі. 
Егілмейтін топқа зертханалық жолмен дәлелденген қызылшамен  ауырғандар, 2019 жылы эпидемиолгиялық көрсеткіш бойынша қызылшаға қарсы егілгендер және тұрақты қарсы  көрсетілімдері бар науқас адамдар жатады.    
Қала бойынша егілуге жоспарланған  34 364 адамның   бүгінгі таңда 19 871-і егілді.

           Қызылша ауруы қалай өтеді?
         Қызылша  ауруы  кезінде  дене  қызуы  39-40 С дейін көтеріледі, мазасызданады, жөтел пайда болып, даусы шықпай қалуы мүмкін.  Көзі, ауыз қуысы қызарады.  Сүйектері қақсап ауруы мүмкін. Балалардың денесіне қызылша ауруының үшінші күнінде, үлкендерде бесінші-алтыншы күнінен бастап бөртпе шыға бастайды. Бөртпелердің өзіне тән ерекшеліктеріне қарай дәрігер диагноз қояды. Оған дейін ЖРВИ инфекциясымен шатастыруы мүмкін.   Денеге бөртпе шыққаннан кейінгі бесінші-алтыншы күндері дене қызуы түсіп,  жағдайы жақсарады. Қызылшаның  арнайы  емі жоқ, симтоматикалық ем қолданылады. 
         Қызылшаны қызылшамен ауырған адам сөйлеген кезде, жөтелгенде жұқтыруы мүмкін. Бөлінген вирус қоршаған ортада 2 сағатқа дейін сақталады. Жөтелгенде 5 метр жерге дейін таралады.  Көп қабатты үйлерде желдеткіш шахтасы арқылы да таралған жағдайлар кездескен.  Қауіптісі - аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңінің соңғы екі күнінде адам қоздырғышты тарата бастайды, ол кезде ол әлі ауырмағандықтан өзі де білмейді. Қызылша пневмония, ларингит, бронхит және энцефалитпен асқынуы мүмкін.
          Қызылша ауруының  алдын  алу  үшін  уақытылы екпелерді  алып, көпшілік  жерлерде болмауға тырысу қажет.
Сіздердің назарларыңызға, қызылшаға қарсы вакцинациялау маңызды жәнеәрі  қауіпсіз екендігін жеткіземіз.  



Дайындаған:                            Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін  
                                              қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау                                                       
                                              басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің 
                                              бас маманы К. Искакова

01 қараша 2019 ж. 2 852 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?