Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылорданы туған күнімен ерекше құттықтаған жандар

Қала күнінде «Ерекше» құттықтауларымен ерекшеленгендер марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
 
Қызылордада қала күніне орай әлеуметтік желілерде тұрғындар арасында дәстүрлі байқау ұйымдастырылды.
Биыл екінші рет ұйымдастырылған «Qlove» фотосуреттер және «Qvine» вайнерлер байқауы жастар арасында кеңінен қолдауға ие болды.
«Qlove» фотосурет байқауының қатысушылары Өздерінің қала күніне арналған құттықтауларын бірі ерекше өлең жолдарымен жеткізсе, бірі «креативті» фотосуреттерін ұсынды. Қатысушылар арасынан тұрғындардың ықыласына ие болған үздіктер Альбина Құрманайқызы, Бақмұхаммед Мұхаммадұлы, Балнұр Қаршығақызы және Гүлбану Мақажан марапатталса, «Qvine» вайн байқауында «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорының еріктілері ұсынған видео көптің көңілінен шықты. Олар өз видеоларында Қызылорда қаласының өзіне тән ерекшеліктері туралы тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамасымен қызықтырды.
Қала әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы белсенділіктерімен қала тұрғындарына көңілді күй сыйлаған байқау жеңімпаздарын қала әкімінің дипломымен және сыйлықтармен марапаттады.
Тек қала күні аясында ғана емес, қала тұрғындарының еңбегін бағалауға бағытталған мұндай акцияларды ұйымдастыру қызылордалықтар үшін тұрақты дәстүрге айналып келеді.
24 қазан 2019 ж. 720 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?