Бүгінгі қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі талқыланды
Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу - бүгінгі қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Бұл туралы 29 қазан күні А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен кеңейтілген отырыста талқыланды.
Шара барысында қалалық білім бөлімінің басшысы М.Әбдіқалықова білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Өз баяндамасында білім бөлімінің 2019 жылғы 11 ақпандағы «Сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмау туралы» №34 бұйрығына сәйкес бөлім тарапынан барлық білім беру ұйымдарында мұғалімдер мен ата-аналардан АҚША ЖИНАУ ФАКТІСІН БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА екендігін жеткізді.
Сонымен бірге, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сана мен мәдениетті дамытуға және ішкі парасаттылықты, адалдықты, бір-бірімізге деген сенімділікті тәрбиелеу бағытында барлық МЕКТЕПТЕРДЕ АДАЛДЫҚ ДҮКЕНДЕРІ АШЫЛЫП ЖҰМЫС ЖАСАУДА.
Оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында және білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін МЕКТЕПТЕРДЕ МЕКТЕП-ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ БЕКІТІЛГЕН.
«Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл» жобасына сәйкес мектеп ғимаратында барлық оқушылар мен мұғалімдерге ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ(СМАРТФОНДЫ) ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН.
Сонымен қатар, Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында бүгінгі күні 101 ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАН ЖҰМЫС ЖАСАУДА.
Жалпы, құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыс жасау фактісі тіркелген мектептің директорларына қала әкімінің орынбасары М.Қазбекова тиісті тапсырмалар беріп, құқық бұзушылық, қылмыстың алдын-алу жұмыстары қатаң бақылауда болатынын және тиісті шаралар қабылданатынын айтты.