Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету»  мемлекеттік көрсетілетін қызметі («Дипломмен ауылға») Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы көрсетіледі. 

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға  келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын  көрсету қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  6 қараша 2014 жылғы №72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардың тізімі Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 17 наурызындағы  №8-2/230 бұйрығы бойынша  агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер деген лауазымдармен толықтырылды. 

        Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеті ауылдың қалыпты  тіршілігін  және  ауылды  аумақтың  әлеуетінің өсуін  қамтамасыз ету, сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың  сапалы қызметін көрсету, өңірлік бәсекеге қабілетті артықшылықты  пайдалану  негізінде, ауыл  аумақтарын  тұрақты  дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру  үшін келген, сала мамандарын  ынталандыру болып табылады.

        Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. 

       Қызылорда қаласына қарасты ауылдық елді мекендерде жоғарыда аталған  салалардың  бірі бойынша жұмысқа орналасқан жағдайда, төменде көрсетілген құжаттарды Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, №147 ғимаратында орналасқан қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы тапсыруға болады. 

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
 
      - өтiнiш;
       - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
       - жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
       - бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
       - көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
       - тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
       2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
 
    - өтiнiш;
      - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      - жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      - бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
      - сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
      -  көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
      -  тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
      - неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
      - аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
       3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
 
    - өтiнiш;
      - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      - жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      - бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
      - көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
      - тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
      - неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
      - аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
      - маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
      - кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
      - кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
      -  берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.
       Жұмысшы орган мамандардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, қаржы құралдарына қажеттілікті есептейді және комиссия қарауына жібереді. 

       Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін қала әкімдігінен құрылған мәслихат депутатынан, атқарушы органдардың және қоғамдық ұйым өкілінен тұратын комиссия тұрақты жұмыс жасайды.

      Сондай-ақ, ашықтықпен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кезектілік  Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында жарияланып отыр.  


Жадыра Есмагамбетова

(Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің маманы)                                          

22 қазан 2019 ж. 1 574 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?